СҚО полиция музейі халықаралық мерекені атап өтті
Халықаралық музей күні батырлардың ұрпағы Солтүстік Қазақстан облысының музейінде болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғаш рет мереке көпшіліктің назарынсыз, бетперде тағып жүру режимінде өткізілді. Бүгін журналистерге экспонаттар жайлы полиция әулеттерінің ұрпақтары айтып берді. Олардың аталары жайлы жинақталған экспозицияның жанындағы сөздері ерекше әсерлі, жүректерінен шықты.
Қызылжар ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр Есімов, тәжірибелі тергеуші, құқықтық тәртіпті сақтау қызметін жалғастырушы үшінші ұрпақ, өзінің немере атасының милиция қызметіндегі қысқа еңбек жолы туралы айтып берді. Ғазиз Есімов бір-ақ жыл қызмет еткен. 1951 жылы 21 маусым күні қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған: демалыс саябағында қызға шабуыл жасаған бұзақыларды ұстау кезінде мойнынан пышақ жарақатын алған. Ол небәрі 25 жаста ғана еді. Батылдық пен борышқа адалдықтың үлгісі болып, әріптестерінің есінде мәңгіге қалды. 2016 жылы СҚО ПД әкімшілік ғимаратының жанында ашылған жас қызметкерлердің аллеясына оның есімі берілді.
– Бізде атамыздың жеке заттары қалған жоқ, – дейді Бахтияр. – Олар көп те болған жоқ: сол кезде адамдар дүние-мүлік жинамаған, олар өздерінің жасаған іс-әрекеттерімен ерекшеленген. Бірақ отбасымызда оның қызметіне қатысты құжаттар мен газет қиындылары мұқият сақтаулы. Адамның өмірін сақтап қалу үшін жанын қиған адамның туысы болу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әкем екеуміз өмірде заңның сақталуына қызмет етуден басқа таңдау жасай алмадық».
Ауған соғысына қатысқан Давид Шнайдер туыстары мен қатарлас жауынгерлері үшін ерліктің үлгісіне айналды. Барлаушы Бахаран қаласы үшін шайқаста ауыр жараланып, Қызыл жұлдыз орденіне ұсынылады, 1981 жылы Ауғанстан демократиялық республикасынан оралып, ішкі істер органына қызметке орналасады. Бүгінгі күні ол ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі. Оның өмір жолы туралы полиция аға лейтенанты Евгений Шнайдер әңгімелеп берді. Әкесі сияқты ұлы Евгений жол полициясында қызмет атқарады. Оның ұлы Давид музейдің ең жас қонағы болды. Іс-шарадан кейін әкесі мен ұлы бетперделерін шешіп, атасына арналған экспозицияның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы солтүстікқазақстандық милиционерлердің ерлігі жайлы сыр шертетін сөрелердегі жәдігерлердің алдында ұзақ тұрды. 6 жастағы Давид әскери қызметші болғысы келеді.
СҚО ПД басшысы Марат Төлебаев музей қорын сақтаушыларды жылы құттықтап, қызметкерлердің патриоттық сезімдерін артырудағы қажырлы еңбектеріне алғыс білдірді. Музей басшысы Любовь Осинская СҚО ПД музейінің жетістіктері, ҚР ІІМ жүйесіндегі үздіктердің бірі атануы жеке құрамның қосқан зор үлесі екендігін атап өтті. Полицейлер мен ардагерлердің туыстары экспонаттар жайлы ойларын қызыға бөлісті.
Жуырда ҰОС мен ІІО ардагері, 102 жасында өмірден өткен Джура Кобелевтің қызы музей қорын толықтырды. Ол облыстық полициядағы ең қарт ақсақалдың нысанды киімі мен наградаларын әкелді. Бахтияр Есімов музейге қандай затты сыйға тартатынын ойластыруда. Ол өзге заттардың тарихи құндылығын жақсы түсінеді: қызметте жаңа атақ алғаннан кейін, ол полиция майоры атағында отставкаға шыққан әкесі Болат Есімовтің кителінен алынған погонға тағатыны сөзсіз. Погондар перзент парызын Отан алдындағы борышымен байланыстыратын әулеттің символына айналған. Күндердің-күнінде музейдегі жәдігерлердің алдында оның балалары мен немерелері ата-бабасының өмірі мен қызметі жайлы айтатын шығар.