Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіпке бағынбаған жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Түркістан қаласының полицейлері тәртіпке бағынбай, сақшылардан қашқан көлік жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті жол-көлік апаттарының алдын алу, жолаушылар қауіпсіздігін сақтау мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіп,
рейдтер өткізіп жатыр. Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде ЖПҚ ППТ-ның полицейлері
таңбалар мен белгілерді сақтамай жүріп бара жатқан “ВАЗ” маркалы көлікті байқап, оны тоқтатады. Алайда, жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, көлігімен қаша жөнеледі.

Түркістандық тәртіп сақшылары жүргізушіні ұстау үшін алдынан, соңынан қызметтік көлікпен еріп жүріп, тоқтатады. Көлік басқарған адамның құжаттарын тексеру барысында, оның жүргізуші куәлігін алмағаны анықталды. Одан бөлек, медициналық тексеруден өткізіліп, ішімдік ішкені де белгілі болды.

Аталған жайттар ҚР ӘҚБтК-нің үш бабымен тіркелді. Олар: 601-бап (жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау), 613-бап (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару), 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру).

Қазіргі таңда мас халде көлік басқарған жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал, көлігі айыптұраққа қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда көлік құралдарын мас күйінде басқарған және көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті тұрғындардың алкоголь немесе есірткі қолданып, мас күйінде көлік құралдарын басқармауды ескертеді. Сіздің, осылай ойланбай жасалған әрекеттеріңіздің соңы, басқа да көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіреді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру