Полицейлер аялдамаларда бетперде таратты
Ақтөбелік полицейлер медициналық бетперделерді тегін тарату және қалта ұрлығының алдын алу бойынша профилактикалық акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері автобус пен облыс орталығының аялдамаларында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында 200 медициналық бетперделерді тегін тарату бойынша акция өткізді.
Атап айтқанда, полиция қызметкерлері қала аялдамалары мен автобустарда перделер таратты, сондай-ақ қалта ұрлығы тақырыбында профилактикалық алдын-алу шараларын түсіндірді.
Ақтөбеліктерге қоғамдық көліктерде бағалы заттарына абай болуға бейтаныс адамдарға сенім артпауды, ұрлық фактісі орын алған уақытта дереу полицияға хабарлауды айтты. Неғұрлым тезірек түссе хабар, соғұрлым қылмыстң ашылуы ықтималдығы жоғары. Халыққа қызмет көрсету орталығының келушілеріне қазіргі кезде маска режимін сақтауды айтып, профилактикалық әңгімелесу жүргізді. Сондай-ақ, бұл жерде де медициналық маскалар таратылды, ақтөбеліктерге маскаларды тағып жүру қажеттігі, жеке гигиена және адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.