Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері арасында отбасылық онлайн-жарыс өтті

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ қызметкерлері арасында отбасылық онлайн-жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ОВ 156/20 мекемесі қызметкерлерінің отбасылары арасында спорттық ойындардан онлайн-жарыс өткізілді. Жарыс барысында қатысқан әрбір отбасы мүшелерінің ұйымшылдығы мен бір-біріне деген сыйластығы байқалды, «денсаулық- зор байлық» қағидасын ұстанатынын көрсетті.

Жыл сайын өткізілетін осы жарыс биыл ерекше түрде, яғни онлайн режимде ұйымдастырылды.

– Басты мақсатымыз – отбасында тәрбиеленіп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына Отанына, отбасына, ата-анасына және қоршаған ортаға деген құрметтілігін дарыту. Жарыста жеңу мен жеңіліс деген ұғым емес, әрқашанда береке-бірліктің туы аспанымызда жарқырай беруі егемендіктің белгісі болды, – дейді мекеме басшысының орынбасары Алмас Нұрғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру