Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бір тәулікте 6 автокөлік жанып кетті

Өткен тәулікте Қарағанды облысында алты көлік өртенді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы өрт сағат 11:33-те Ермеков көшесіндегі №83 тұрғын үйге жақын жерде орын алды.   «Фольксфаген» автокөлігінің жану туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, онда ашық аумақта 35 шаршы метр алаңдағы қоқыс жанып, одан кейін өрт жақын тұрған автокөлікке ұштасқан. Ыстық температураның салдарынан көліктің алдыңғы бампері мен бұрылыс көрсетікішінің 0,5 шаршы метрі балқыған. Кейін өрттің шығу себебі – жақын маңда жанып жатқан қоқыс, терек мамығы мен жапырақтарынан болғандығы анықталды.

Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан екі жеңіл тоқ жанып кетті. Өрттің бірі Ермеков  көшесінде болған. Жану «Митсубиси» автокөлігінің моторлы бөлігінде қозғалтқыш бөліктерінің 1,5 шаршы метр көлемінде орын алды.

Басқа автокөлік – «Ауди» – Бадин көшесіндегі қозғалыс кезінде жанып кетті. Автомобиль өрттерінің тағы бір кең тараған себебі  –  отын жүйесінің ақаулығы.  Сағат 13:43-те «Камаз»  жүк   көлігі жолда жанған. Өрт алаңы моторлы бөліктегі  бөлшектің төрт шаршы метрін, алдыңғы екі автокөтергіштерді құрады. Тағы бір көлік 21:28-де Амангелді көшесінде «Митсубиси»  автокөлік  жолында жанған. 26 мамыр күні сағат 05:40-та Осакаров к. 1 шаршы метр аумағында «Ауди» автокөлігінің мотор бөлігінде бөлшектері жанған.

Жыл басынан бері облыста автокөлік өртенуінің 91 жағдайы тіркелді. Автокөліктегі   өрттің   жиі   кездесетін себептері – қысқа   тұйықталу, жолаушылардың салонында темекі шегуі, отын жүйесінің дұрыс істемеуі, мұздатылған қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдалануы, электр және газбен дәнекерлеу кезінде абайсыздық.

Автокөліктерге уақтылы қызмет көрсету орталықтарында, оның техникалық жағдайын   бақылауды және тексеруді уақтылы өткізуді ұсынамыз. Сондай-ақ, машинада өрт сөндіргіш болу керек және оны қолдана білу қажет.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру