Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Мотоцикл жүргізушісі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 мамыр күні 34 жастағы Байғанин ауданы Дияр ауылының тұрғыны мотоцикл жүргізушісі Дияр ауылының бойымен Атырау облысына қарай келе жатып, рульдік басқаруды игере алмай, қозғалыс барысында аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде мотоцикл жүргізушісі алған жарақатынан Дияр ауылының медпунктінде көз жұмды. Дерек бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жолқозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру