Қызметтік автокөлік құралдарының жедел-техникалық дайындығы тексерілді
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаевтың тапсырмасы бойынша тылмен қамтамасыз ету басқармасы баланстағы қызметтік көліктердің техникалық жай-күйіне және оның жаз мезгілінде пайдалануға дайын болуына тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент басшысының орынбасары Жанар Иргалиева мекеменің автокөлік шаруашылығы басшылығымен бірге көліктердің техникалық жай-күйі мен сыртқы келбетін тексерді.
Қарау барысында барлық көлік құралдарына тексеру ұйымдастырылып, техникалық жарамдылығы, қондырғылар мен жинақтардың нөмірлерінің тіркеу құжаттарына сәйкестігі, дөңгелектер мен батареялардың толықтығы, сыртқы келбеті, күйі, түстердің талаптарға сай болуы, жол жүру құжаттарының толтырылуы тексерілді.
Ж.Иргалиева Тылдық қамтамасыз ету басқармасының басшысы мен жүргізуші құрамның назарын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға, жаз мезгілінде көлік құралдарының тиімді және үздіксіз жұмыс істеуіне, уақтылы күтіп ұстауға, жөндеуге және қызметтік көліктердегі апаттардың алдын алуды тапсырды.
Қызметтік автокөлік құралдарының жедел-техникалық дайындығын тексеру кезінде автопарк қызметкерлері қызметтік көліктерге тағайындалған персоналдың ішінен осы санаттағы көлік құралын жүргізуге мүмкіндік беретін нысанның, қызметтік куәліктердің, жүргізуші куәліктерінің және жол жүру құжаттарының, сондай-ақ, қауіпсіздік белдіктері бар көлік құралдарының спидометр жабдықтарының жұмыс қабілеттілігі жағдайы тексерілді.
Қызметтік автокөлік құралдарының жедел және техникалық дайындығына жасалған тексеру нәтижелері бойынша қойылатын талаптар бойынша бұзушылық анықталған жоқ.