Күзетшілер мен полиция қызметкерлері марапатталды
Петропавлда гарнизондық таратуда күзетшілер мен полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда полиция кешенді күштерінің гарнизондық таратуы Тәуелсіздік стеласының қасындағы алаңда өтті. Жергілікті полиция қызметінің полицейлері және қоса берілген күштердің жасақтары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері – күн сайын екі ауысымда 250-ден астам адам облыс орталығындағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтайды. Олар 105 бағытта жұмыс істейді: күндіз – 34 және кешке – 71.
СҚО Полиция департаменті басшысы Марат Төлебаев әдеттегідей қызметкерлердің қызмет өткеруге дайындығын тексерді. Әсіресе Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының техникалық жабдықталуына ерекше назар аударды. Заманауи патрульдік автомобиль- планшет пен телефонды қуаттауға арналған құрылғымен, сондай-ақ түбіртекті басып шығаруға мүмкіндік беретін принтермен жабдықталған жұмыс орны. Бұдан бөлек, су маңында жүретін қалалық батальонның 10 автокөлігі арқанмен, үрлемелі дөңгелекпен және басқа да құтқару құралдарымен жабдықталған.
– Тиісті техникалық база – полицейге басты міндетін атқаруға, яғни кез-келген жағдайда адамдарға қол ұшын созуға септігін тигізеді. Ауа райының ысуынан адамдар жағажайға ағыла бастайды, осы орайда су маңында қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылауды күшейту қажет, – деп атап өтті облыстық полиция ведомствосының басшысы.
Сондай-ақ, Марат Төлебаев гарнизондық таратуда жаңа атаққа ие болған 11 қызметкерге погондарын табыстады. Тәртіп сақшыларының қатары үш капитанмен, төрт аға лейтенантпен және төрт сержантпен толықты. Сонымен қатар жеке күзет агенттігінің бес қызметкері де марапатталды. Олар 23 мамыр күні келіп түскен шақыртуға шығып, топ арасындағы төбелесті тоқтатқан болатын. Үш күннен кейін күзетшілер полицейлермен бірге дүкенде орын алған ұрлыққа күдіктіні ұстады. СҚО Полиция департаменті басшысы қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсеткендері үшін аталған қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.