Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ауласынан егілген сора тапты
Облыс тұрғыны үйінде қарасора өсіретіндігі анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып, өзінің танысы үйінде
есірткі өсіретінін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері кезекті егілген сораны тапты. Жедел уәкілдер Түлкібас ауданы тұрғынының үйінен есірткі өсімдігіне ұқсас, жасыл түсті өзіне тән хош иісі бар сора өсімдігін тауып, күдіктіні ұстады. Ер адам үй ауласындағы әжетхана жанында заңсыз қарасора еккені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде құрамында есірткі бар екі түп өсімдік тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған зат «сора» өсімдігі, жалпы салмағы бір граммға жуық болып шықты.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қолхатпен босатылды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, тұрғынның үйінде сораны не мақсатпен өсіргенін тексеріп жатыр. Тергеу амалдары басталды.