Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяси қуғын-сүргін құрбанының шөбересі атасы туралы естеліктермен бөлісті

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбанның шөбересі атасы туралы естеліктерімен бөлісті, – деп хабаралйды Polisia.kz.

Қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтардың бірі Қазір Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында тұрады, ол өзінің әжесінің әңгімелерін еске алып, бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бөлісті.

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын адамдардың еске алулары және мәңгі есінде сақтаулары өте жақсы, –деді саяси қуғын сүргін құрбанының шөбересі Светлана Футкомаз. Көп жылдар бойы біз Викула Борисов деген атамыз туралы ештеңе білмедік, менің әжем – оның қызы, ол әкесін 1937 жылы тұтқындағанын айтып отыратын. Оны сол кездегі ішкі істер органдарының қызметкерлері алып кеткендігі жайлы және ол одан кейін жоғалғандығы туралы айтқан. Ол сол заманда Уба өзені арқылы өтетін өткелде паромшы болып жұмыс істеген. Тек 2017 жылы ғана біз мұрағаттан біздің ата-бабамыздың өлімінің тарихы туралы деректерді таптық. Қамауға алынып, үш адамның орындауымен НКВД-ның үкімімен атылыпты. Болған жай туралы бүгінде оқысам көз жасым көл болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған үндеуін оқыдық. Мен осы тұста отбасымның тарихын бірден есіме түсіремін.
Қазақстанда бұрын қуғын-сүргін туралы айтуға қорқатын. Ал қазір Президенттің өзі осы қайғылы оқиғаны еске түсіріп, есте сақтауға шақырып жатыр. Өйткені бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі.
Қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш қажет. Біз олардың бейіттерінің қайда орналасқанын білмейміз. Біздің жақындарымыздың естелігі осы жерден жоғалмауы тиіс, – дейді қуғын-сүргінге ұшыраған құрбанының шөбересі Светлана Анатольевна.

Қазір Светлана Футкомаз Шемонаиха қаласында тұрады. Жергілікті “Уба-Информ” газетінің бас редакторы болып қыхмет атқарады.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері Светлана Анатольевнаға сұхбаттасып, естеліктерімен бөліскені үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру