Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің музейінде көрнекті жазушы, журналист, Маңғыстау тарихын зерттеуші, Махамбет сыйлығының лауреаты Әбілхайыр Спанмен кездесу ұйымдастырылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Кездесу барысында қаламгер 1932 жылы Маңғыстау жерінде орын алған далалық өлкенің қайғы-қасіреті туралы, сонымен бірге облыстың белгілі қоғам қайраткерлері Тобанияз Әлниязұлы, Досан-батыр туралы әңгімелеп берді.


Қазақ халқы үшін көп еңбек сіңірген даңқты батырлардың бірі – Тобанияз Әлниязов туралы әсерлі әңгіме болды. Тобанияз Әлниязовтың бастан кешкендері ресми идеологияның шектен асып кетуінің айқын мысалы болып табылады.

Жауларының жапқан жаласымен оны өз халқының жауы, контрреволюционер деп жариялады.
Оның ата-тегі Адайдың Келінбердісінің – Жеменей руынан. Өткен ғасырда көшпелі халқын шетелдік басқыншылардан қорғаған атақты батыр Қанайдың тікелей ұрпағы. Ол 1875 жылы Бозашы түбегінде, қазіргі Ақшымырау жерінде дүниеге келген, содан кейін ол ұзақ жылдар бойы Маңғыстау облысының орталығы Шетпе ауылының жанындағы Аусары жерінде тұрды. Ол Октябрь революциясын шын жүрегімен қабылдады, адал қызмет ете бастады.
1918 жылы тамызда Түркістанды колчаковшыл ақ гвардияшылардан қорғауға Ақтөбе майданына көмекке келген дала комиссары Әліби Жангелдиннің тобы Түпқараған айлағына келді. Әліби Жангелдин Маңғыстауда Кеңес өкіметін орната отырып, оны нығайту үшін халық арасында беделді адамды іздейді.


Ол мұндай адамды Тобанияз Әлниязовтың бейнесінде көреді. Ол оны Адай уезінің революциялық комитетінің төрағасы және және өзінің орынбасары етіп тағайындап, бүкіл Маңғыстауда кеңестік билікті күшейтуге нұсқау береді.


Қазақ халқының тарихындағы қасірет Ф.Голощекиннің Қазақ өлкелік комитетіне басшылыққа келуінен басталды. Ол Қазақстан аумағында “Кіші Қазанның” өткізілуінің бастаушысы болды.


Голощекин партия жүргізген ұжымдастыру мен тәркілеу Қазақстанға жеткен жоқ, оны жүргізуге билік басындағы бай-шонжарлар кедергі келтірді деп санайды. Ол басқарған жылдары қуғын-сүргіннің қармағына бәрі ілінді. Тобанияз Әлниязов секілді тұлғалар биліктің наразылығын туғызбай қоймады. Өкінішке орай, Тобанияздың нағыз ұйымдастырушылық қабілеті халыққа ұзақ қызмет ете алмады. Сол кездегі ерекше тұлғалар сияқты, Тобанияз Әлниязұлына “халық жауы” деп жала жабылып, үштіктің үкімімен атылды. 1962 жылы “қылмыс құрамының болмауына” байланысты толықтай ақталып шықты. Сотталғандар өздерін кінәлі сезінген жоқ, өйткені айғақ-дәлелдер болмады, алайда алдын ала “ату” үкімі белгіленді. Тобанияздың отбасы зардап шекті. Тобанияздың он жеті жасар ұлы Бердіхан қамауға алынды. Екінші ұлы Зәкіржан “халық жауы” баласы деген сөзді үнемі естіп өсті. Мектепте оқу үшін анасы жағынан атасының тегін алуға мәжбүр болды.


Тобанияз ұрпақтары мен жерлестері оның тарихтағы атын қайтару үшін бар күшін жұмсады. Маңғыстау тарихын зерттеуші, журналист Ә.Спан халық батырының өмірі мен қызметі туралы баяндайтын “Тобанияз” атты кітабын жазды. Осы қызметке қатысы бар адамдар өткен жылдардың оқиғаларын еске түсіре отырып, ақпараттар жинай бастады.


Тобанияз Әлниязов өзі туралы жарқын естелік қалдырды, ол Маңғыстаудың бақытты болашағы үшін, халқының бақыты, бірлігі мен достығы үшін күрескер ретінде есте қалды және құрметтеліп келеді. Батырдың ұрпақтары ол туралы халыққа дұрыс жеткізіп, бабалары алдындағы парызын орындады. 1995 жылы Ақтау қаласында ескерткіш орнатылды. Маңғыстаулық мүсінші Көшер Байгазиев халық батырының бейнесін сомдады.

Дала өлкесінің қасіреті туралы экскурсия Форт-Шевченко қаласына саяхатпен жалғасты, онда полиция қызметкерлері мұражайды аралап, жазықсыз жапа шеккен отандастарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, халқының қорғаушы күрескер ұлы – Досан батырдың тарихына қанық болды.


Ескерткіш төбеде мұндалайды, онда батыр ат үстінде тұрып, биіктіктен қазіргі болашаққа, сенімді де батыл қарайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру