Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері облыс әкімі атынан марапатталды

Атырау облысының Полиция департаменті басшысы Қамза Үмбетқалиев Атырау қаласына кіру-шығу бекеттерінде кызмет атқарып жатқан қызметкерлерге облыс Әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың алғыс хатын және өз атынан алғыс хаттарды табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент басшысы қызметкерлерге марапаттарды Атырау-Орал тас жолы бойында орналасқан “Алмалы” бекетінде тапсырды.

Департамент басшысы, Атырау қаласы мен облыс аумағында коронавирус індетінің таралу жолдарының алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарған полиция қызметкерлеріне Ішкі істер министрі атынан, облыс Әкімінің және жеке өз атынан алғыстарын жеткізді.

Облыс басшысы мен департамент басшысының марапаттарына ие болған Атырау полицицейлері әрқашан Отанға, халыққа адал қызмет етуге дайын екендіктерін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру