Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Cотталған әйелдер балаларына арнап шығарма жазды

Балаларынан жырақта жүрген нәзік жандылар да, яғни  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған әйелдер балаларына деген ыстық сағынышын қағаз беттеріне түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балама деген сағыныш» атты тақырыпта шығармашылық тәрбие сағаты өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында отбасылық байланысын жандандыру, оның түзелу процесінде ықпал етуге бағытталған тәрбиелік жұмыс.

Сотталған К.И. бостандықта кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы бар. Ол өз шығармасында балаларына деген сағынышын жазып, әр баласының бойындағы жақсы қасиеттерін атады. Әсіресе кіші баласының анасына арнап салған суреттеріне ұзақ қарап, суреттегі анаға деген сағынышын суреттеді.

Сотталған Ж.З өз шығармасында баласына бостандыққа шыққан сәттен бастап бар аналық мейірімін беріп, жырақта жүрсе де балаларының тәрбиесіне көмек беріп отырған туғандарына алғысын жазды. Шығарма мазмұнынан әр бала ата-ананың мейіріміне мұқтаж болмауы керек екенің түсінесіз. Балаларынан жырақта жүрсе де жүректері бірге соғатын ата-аналар үшін бұл мейірімге толы мерекенің өз орны бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру