Түркістан облысы полицейлерінің жастармен кездесуі оң нәтиже берді
Түркістан облысы Полиция департамент басшысының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Бағлан Халықов бастаған полицейлер арнайы оқушылармен, студенттермен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Үкіметімен ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы аясында Түркістан облысы Полиция департаментінде қарқынды жұмыстар атқарылды.
Бұл жайында ТО ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы Мақсат Асқаров: – Бірнеше оқу орындарымен меморандум жасалды. Департамент басшысының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Бағлан Халықов бастаған полицейлер арнайы оқушылармен, студенттермен кездесу ұйымдастырды. Барлық қалалық, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінде студент жастар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Ашық есік күндері де өткізілді. Жастарды ішкі істер саласына жұмысқа шақыра отырып, ол үшін қажетті шараларды түсіндіріп өттік. Осындай кездесулерде біраз жастар полицияда жұмыс істегілері келетінін жеткізіп, нақты шешім қабылдап, бүгінде конкурстан өтіп отыр, – деп атап өтті.
Нақтырақ айтсақ, 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Түркістан облысының Полиция департаменті Кадр саясаты тарапынан бос лауазымдарға конкурс жарияланды. Жарияланған конкурсқа 52 үміткер қатысты. Оның ішінде 41 үміткер барлық сынақтардан сүрінбей, конкурстық іріктеуден өтті. Жыл басынан бері конкурстан өткен 30 үміткер бос лауазымдарға тағайындалды. Ал 11 үміткер бүгінде департамент қарамағында тұр.
Түркістан облысы Полиция департаментінің жолдамасы бойынша 2020 жылы басталғалы ҚР ІІМ Алматы қаласындағы оқу орталығына бастапқы дайындық курстарына төрт тағылымданушы, Ақтөбе оқу орталығына тоғыз тағылымданушы, Қарағанды академиясына тоғыз тағылымданушы жіберілді.
Осындай тағылымдамадан өтіп келген Ернат Мырзаханов, бүгінде ТО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына инспектор болып қызметке орналасты.
Ол: – Жоғарғы оқу орнында білім алып жүргенімізде полицейлер арнайы келіп, тәртіп сақшысы болу үшін қандай құжаттар қажет, қандай конкурстардан өту керектігін жіті түсіндірді. Содан шешім қабылдадым, полицей боламын деп. Ақтөбе қаласында оқып келдім. Жастарды жұмысқа тартып, барлық жағдай жасаған ІІМ-не, ПД-нің басшылығына рахметімді айтамын, – дейді жас полицей ризашылығын білдіріп.
Тағы айта кететін жайт, осы бағыттағы жұмыстар кадр саласының полицейлері тарапынан әлі де өз жалғасын таба бермек. ІІО-на қызметке орналасуға ниеті бар жастарға қашанда есік ашық!