Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа ережелерге сәйкес Ақтөбеде Армениядан әкелінген 38 автокөлік тіркелген

Үш күн ішінде Ақтөбе облысында жаңа ережелерге сәйкес Армениядан әкелінген 38 автокөлік тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбе мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жалғасуда. 1 маусымнан бастап мұнда 38 армян автокөлігі тіркелген. Арнайы ХҚКО-да автокөлік құралдарын тіркеуден басқа полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осылайша, үш жұмыс ішінде 100-ден астам ақтөбелік тіркеу ережелері бойынша кеңес алды.
1 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарына тіркелген және Армениядан елге әкелінген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасына әкелінген, мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж төлеу арқылы ҚР Салық кодексінің 615, 553-баптарында белгіленген тәртіппен көлік құралдарын тіркеу жүріп жатыр.


Алгоритмге сәйкес, автокөлікті тіркеу кезінде жеке куәлік, ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес АЕК-тің 0,25 пайызы мөлшерінде мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ Арменияда берілген көлік тіркеу анықтамалығы және мемлекеттік тіркеу нөмірін төлеу туралы құжат қажет. Егер автокөлік оң рөльді болса, онда сертификатталған орталықтан
қауіпсіздік сертификаты қажет.
Көлік құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын, мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа өзге тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне ауыстырылады және аударманың дұрыстығы туралы нотариустың не осындай іс-әрекеттер жасауға құқығы бар басқа адамның қолы болуға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру