Соңғы қоңырау мерекесі күндері 27 көлік айыптұраққа қойылды
Маусым айының 3-4 күндері аралығында «Жас түлек-2020» атты мектеп бітіру мерекелік шаралары өткізілді. Осы іс-шараға байланысты Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілердің арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алып, тәртіпті сақтау мақсатында Сарыағаш АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары және ювеналды полиция тобының инспекторлары арнайы мектептерге бекітіліп, күндізгі және түнгі рейд жүргізді.