Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Фейсбукте онлайн-қабылдауды іске қосты

Ішкі істер министрлігі Фейсбук әлеуметтік желісінде Азаматтарға арналған қоғамдық онлайн-қабылдауды іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы есепті кездесу барысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

ІІМ басшысы «қоғамның полиция жұмысына деген үлкен қызығушылығын ескере отырып, біз қауіпсіздік жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстар мен тілектер үшін әрдайым ашықпыз», – деп атап өтті.

Айта кету керек, ІІМ жүйесінде халықпен «кері байланыстың» басқа да арналары жұмыс істейді. «Ішкі істер министрінің блогына» жыл басынан бері азаматтардан 2000-ға жуық өтініш келіп түсті. Ведомстволық сайтта «Сұрақ-жауап» сервисі жұмыс істейді, онда бірде-бір өтініш қараусыз қалмайды.

ІІМ-нің әлеуметтік желілерде аккаунттары белсенді жүргізіліп жатыр. Өңірлік деңгейде полиция департаменттері бастықтарының жеке парақшалары ашылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тікелей эфир өткізіп, жергілікті маңыздағы сұрақтарға түсінік беріп, азаматтардан ұсыныстар қабылдайды.

Елдегі криминогендік жағдай туралы жедел және нақты ақпараттары, полицейлердің жұмыс күндері және ІІМ-нің үлкен жүйесінің жұмыс нәтижелері – осының бәрін «POLISIA.KZ» ақпараттық медиа-порталдан білуге болады. Бұл сайт бірнеше ай бұрын іске қосылғанына қарамастан, бүгінде оны Интернет желісінің 15 мың пайдаланушысы оқиды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру