Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандықтар бейнебайланыс арқылы ІІМ атына хабарласа алады

ІІМ азаматтарды қабылдау тәртібін қайта қарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның айтуынша, облыстық департаменттердің, сондай-ақ аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерінің басшылары мен олардың орынбасарлары апта сайын жергілікті жерлерде азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау Ішкі істер министрлігінің өзінде де жүзеге асырылады. 2019 жыл ішінде ведомство басшысы 326 азаматты жеке өзі қабылдады, ал оның орынбасарлары 309 адамды министрліктің қызметі бойынша өтініштермен қабылдады. Ағымдағы жылдың басынан бастап министрге жеке өтініштермен қабылдауға 87 азамат келді.

– Шешім қабылдауды айтарлықтай жеделдету мақсатында азаматтар ІІМ атына бейне байланыс арқылы хабарласа алады, бұл жалпы, азаматтардың Елордаға жол және тұру шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Е. Тұрғымбаев.

Жыл басынан бері «Ішкі істер министрінің блогы» арқылы қылмыстық істерді тергеу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері туралы хабарламалар, заңнаманы түсіндіру мәселелері бойынша түскен екі мың өтінішке жедел түсініктеме берілді. Онлайн режимінде өтініштер беру үшін азаматтар Facebook-тегі азаматтар үшін қоғамдық қабылдау парақшасын пайдалана алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру