Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер полицейлерге көмек көрсетіп жатыр

Қызылордада полицияның ерікті көмекшілері қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысып, мал ұрлығы қылмыстарының ашылуына өз үлестерін қосып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында Жаңақорған ауданы жер жағдайы жағынан мал ұстауға қолайлы болғандықтан, облыс бойынша барлық мал басының 30 пайызы осы ауданда. Мал басының көптігі, оның өз бетінше қараусыз жүруі және мал иелерінің жауапсыздығы ұрылардың арам ойын жүзеге асыруына себеп болады.

Өткен жылдардағы мал ұрлықтарына талдау жасау барысында 2018 жылы жалпы 44 мал ұрлығы орын алып, олардың 18 дерегі жайылымнан ұрланса, 26 дерегі қорадан ұрланған.

2019 жылы жалпы мал ұрлықтарының 61 дерегі орын алып, олардың 14 дерегі қорадан ұрланса, 47 дерегі малдардың бақташысыз өз бетінше жайылымда жайылып жүрген жерінен орын алған.
Аудандағы 26 ауылдық округінің 11- де ғана пада ұйымдастырылса, қалған ауылдарда бұл жұмыс аяқсыз қалып отыр.

Жыл басында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі басшылығы мен аудандық прокуратура бірлесіп, барлық ауылдың тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – ауылдарда орын алып жатқан қылмыстарға тосқауыл қою, мал ұрлығының алдын-алу шараларын бірлесіп атқару. Құқық қорғау органдарының басшылары мен тұрғындар пікір алыса
келе ортақ мәмілеге келді. Ауыл тұрғындарына өздерінің арасынан ерікті адамдардан
полицияның қоғамдық көмекшісі боламын деп ниет білдіретін адамдарды таңдап, Полиция бөліміне өтініш білдіру жөнінде айтылды.

Нәтижесінде «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі ҚР Заңының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қаращадағы
№641 бұйрығының талабына сай, аталған ауыл тұрғындарының тарапынан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматттар тарапынан полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде тіркеуге алу туралы бірнеше өтініш келіп түсті. Осы өтініштер аудан әкімдігіне жолданып, аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, 02.06.2020 жылғы аудан әкімінің №179 қаулысымен бүгінгі күні 17 адам қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде тіркеуге алынып, айрықша үлгідегі куәлік, арнайы киім берілді.

Қазіргі таңда аудан көлемінде полицияның қоғамдық көмекшілері – елді мекенде қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысып, қылмыстың алдын алуға өз үлестерін қосуда. Күнделікті рейд кезінде олар тек қана ауыл көшелерін ғана емес, ауыл маңындағы жайылымдарды аралап,
тұрғындардың төрт түлік малына да көз қырын салып жүр. Осылайша бірлесіп атқарылып жатқан шаралар аудан көлемінде мал ұрлығы мен жалпы қылмыстың азаюына септігін тигізеді деп күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру