Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдерді қолдау орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеті құрбаны пана тапты

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері Әйелдерді қолдау орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеті құрбаны пана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын Петропавл полицейлері 15-18 маусым аралығында өткізіп жатыр. Акция барысында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқыққа қайшы іс-әрекетке жол берген адамдарды тексеру бойынша рейд жүргізіліп келеді. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылармен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен де профилактикалық әңгімелесулер өткізеді. Полицейлер әйелдердің құқықтары жайлы түсіндіріп, жанжал шығарғандардың жауапкершілігі заңмен қатаңдатылғаны жайлы айтып берді. Мысалы, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап былапыт сөйлегені, қорлағаны үшін үй тирандары бес тәулікке, ал қол көтергені үшін 15 тәулікке қамауға алынады.

Сондай-ақ, қорғау ұйғарымдарының орындалуы да тексерілуде. Учаскелік инспекторлар зардап шеккен әйелдердің наразылықтары болмаса да ұйғарым шығара береді. Бұл құжат тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналғанның келісімінсіз кездесуге немесе алкоголь ішуге тыйым салуы мүмкін, себебі барлық тұрмыстық құқық бұзушылықтың бәрі спирттік ішімдіктің салдарынан болады. серінен жасалады. Мысалы, Жұмысшы кентінде 1975 жылы туған адам мас болған, оған қатысты бұрын қорғау ұйғарымы шығарылған. Ол ішімдіктің салдарынан отбасынан айырылған, шешесімен тұрады, оған да күн көрсетпейді. Қорғау ұйғарымын бұзу бес тәулікке дейін қамауға алумен жазаланады.

– Жыл басынан бері облыста 1159 қорғау ұйғарымы шығарылды, оның 50-нің бұзылғаны анықталды, — деп хабарлады СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. — 257 солтүстікқазақстандыққа қатысты сот құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар қойды — бұл келесі ықпал ету шарасы. Полицияның күші тұрмыстық жанжалдың салдары ауыр зардаптарға әкеп соғуының алдын алуға бағытталған. СҚО-да жыл басынан бері 24 әйелге дене жарақаты келтірілген.

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешудің басты жолы халықтың құқықтық сауаттылғын арттыруда деп есептейді. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерден өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндірмеуге шақырады.Олар «102» арнасына, 8-715-2-39-48-56 (Петропавл қаласы бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы) және 8-715-2-61-25-30 (СҚО бойынша ӘЗҚТ), WhatsApp 8-708-432-45-61 телефондарына хабарласа алады. Оларға полиция қызметкерлері, Әйелдерді қолдау орталығы және СҚО әйелдер күштерінің альянсы сияқты қоғамдық ұйымдардың өкілдері көмектесуге әрқашан дайын. Ең проблемалық жағдайларда әйелдер жарты жылға дейінгі мерзімге әйелдерді қолдау орталығынан баспана таба алады, онда оларға заңдық және қаржылық тәуелсіздік алуға көмектеседі. Жыл басынан бері онда 14 адам — балаларымен жеті әйел қабылданды. Ең бастысы-бәрі өздігінен қалпына келеді деп есептемей, жаңа өмірге қадам жасау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру