Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда карантин шараларын сақтау бойынша мониторинг жүргізілді

Петропавл полицейлері мен санитарлық қызметтің өкілдері карантин шараларын сақтау бойынша мониторинг жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауда үйлерінде, базарларда, қызмет көрсету саласы объектілерінде бетперде киіп жүру режимі мен басқа да профилактикалық іс-шаралардың қаншалықты сақталатыны тексерілді. “Құрметті сатып алушылар! Бетпердесіз келгендерге тауар сатылмайды” – делінген ескерту маңдайшалары барлық сауда орындарында ілулі тұр. Алайда, сатып алушылар мен сатушылардың өздері әрқашан бұл қағиданы сақтамайды. Ешқандай әкімшілік ықпалы бар шаралар қолданылған жоқ, әзірше түсінік пен ескерту берілді.

Фактілер көрсеткендей, коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты өңірдегі жағдай қиындай түсуде. Осыған байланысты мамандар карантин шараларының күшейтілуін жоққа шығармайды. Карантин шараларын сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы «Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша айыппұл түріндегі жаза көзделгенін естеріңізге саламыз.

– Қазір Ресей Федерациясымен шекаралас аудандарда үш блок-бекет жұмысын жалғастыруда. Сондай-ақ қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның ошағы анықталған аудандарға болк бекеттер қойылды. Барлығы бүгінгі күні осындай 11 объектіде полицейлер қызмет атқаруда, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру