Алматы облысының полицейлері Ресей студенттеріне көмек көрсетті
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның құқық қорғаушысы Денис Фомин полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусым күні сағат 18.00 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 315-шақырымында қызмет көрсетету бағыты бойынша патрульдеу барысында Алматы облысы ПД Патрульдік полиция ротасының инспекторлары Дархан Беделбаев пен Аман Дүйсекеновтың назары жол жиегінде тұрған, алдыңғы дөңгелегі герметизацияланған минивенге түскен. Жүргізуші Алматыға оқудан үйлеріне қарай келе жатқан алты студентті тасымалдап келе жатқанын жеткізген. Дөңгелектің желі шыққан, оны үрлеу барысында дөңгелек атылған. Сонымен қатар, жүргізушіде қосалқы дөңгелек те болмаған. Тәртіп сақшылары еш ойланбастан өтіп бара жатқан автокөлікті тоқтатып, қосалқы дөңгелек сұраған. Зақымдалған дөңгелекті ауыстырғаннан кейін студенттерді 30 км-ға жуық жолға, яғни жүргізуші жарылып кеткен резинаны ауыстыра алатын жақын маңдағы шиномонтажға дейін шығарып салған.
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның құқық қорғаушысы, жүргізуші Денис Николаевич Фомин, сондай – ақ оның жолаушылары- Ресей Федерациясының әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің құтқарушыларына шын жүректен алғыс айтып, олармен естелік суретке түскен.
– Дөңгелекті жөндеуге қатысқан және дөңгелекті орнатқанға дейін бізбен бірге болған полиция қызметкерлерінің бейнесі біз үшін өте жағымды әсер қалдырды. Біз бұдан әрі қарай жүре алатынымызға көз жеткізген тәртіп сақшылары бізге сәт-сапар тіледі, – дейді құқыққорғаушы.