Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зорлық-зомбылықтың алдын алу аспектілері мен өзекті мәселелері

Қарағанды облысы Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа таныстыру мақсатында маусымда “Отбасында зорлық зомбылыққа жол жоқ” атты республикалық акция өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі күнде тұрақты проблемалардың бірі отбасындағы зорлық зомбылық мәселесі. Қоғамда зорлық – зомбылыққа жол жоқ. Зорлық- зомбылық құқықта – бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы деп айтылған. Мысалы тән азабын шектірген зорлыққа – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып соғу, денесіне зақым келтіру.

Жан азабын шектіретін зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер етуі. Психологиялық зорлық-зомбылық балаға көңіл бөлмеу, кері итеру, баланы қорқыту, бақылау, баланың мінезіне ықпал етуі және т.б. Физикалық зорлық зомбылық – баланың денсаулығына физикалық күш көрсетуі, соққы, ұру, итеру, қарумен шабуыл жасау.
Бопсалау – қысым жасау немесе мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша талап етуі түрінде көрінетін қылмыс. Ұлдар арасында зорлық – зомбылық қыздармен салыстырғанда көбірек кездеседі. Зорлық – зомбылықтың алдын алу үшін біріншіден, мектеп мұғалімдері, психологтар, ата-аналар ат салысуы керек. Зорлық – зомбылықтың алдын алу, халықтың арасында құқықты түсіндіру, барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру