Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

52 жастағы Жамбыл облысының тұрғынынан 12 кг “гашиш” тәркіленді

Қарағандылық полицейлер есірткі сатушыдан 12 кг жуық гашиш есірткісін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусым күні сағат 17.10 шамасында Балқаш қаласы маңындағы автожолда Қарағанды облыстық ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен “Қарасора-2020” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 52-жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталып, одан қызметтік иттің көмегімен есірткіге ұқсас зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат “гашиш” есірткі заты екені белгілі болды. Одан әрі тергеу амалдарын жүргізу барысында ұсталған азамат Шұбар-Түбек ауылы маңына барар жолдың бойына жасырып қойған есірткі заттарын көрсетті.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген “гашиштің” жалпы салмағы шамамен 12 кг”, – деп хабарлады облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру