Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізу құқығынсыз көлік жүргізетін жүргізушілер саны азаяр емес

Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілердің жауапкершілігі туралы заңнаманың қатандығына қарамастан, Ақтөбе облысында осындай фактілер тіркеліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусым күні Хромтау ауданы полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен Ақжар ауылының 1962 жылғы тұрғынының басқаруындағы “Опель Вектрамаркалы автокөлігі ұсталды. Жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Кейін ол Хромтау ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

17 маусым күні таңғы сағат 5-те Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі үйдің ауласында полиция қызметкерлері 1991 жылы Бадамша кентінің тұрғынының басқаруындағы “Хонда Степвагонмаркалы автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, 17 маусым күні түнгі сағат 2-де Қандыағаш қаласында 1987 жылы туған Ақжар ауылының тұрғынының басқаруындағы “ВАЗ 2106” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Бұрын ол көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жүргізуші ұсталды және полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағында ҚР ҚК 346-бабы өлік құралын басқару құқығынан айырылған адам көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару) бойынша 84 факті анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, Көлік құралдарын алкогольдік мас күйінде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлікті басқармауды сұрайды және ескертеді, өйткені сіздің ойланбаған іс-әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру