Ардагерлер марапатталды
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Габдуллин қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1992 жылғы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы” Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. Еліміздегі құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі мен міндетін айқындайтын атаулы күн 2007 жылдан бері аталып келеді. Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық–атқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Габдуллин ұзақ жылдар жауапкершілігі мол, қылмыстық–атқару жүйесі саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді құттықтады.
Олар осы салада қым-қуыт, қауырт қызметті қиынсынбай, уақытпен санаспай, абыроймен адал еңбек еткен. Департамент бастығы Мирас Олжабайұлын, Қуанғали Сахифоллаұлын, Юсуп Әшімұлы, Адилжан Рахимжанұлын, Қази Шакирұлын, Насипқали Қойшыұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Арыстанғалиев 23 маусым Қазақстан полициясы мерекесімен құттықтап, жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін “төс белгімен” марапатады.