Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ардагерлер марапатталды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Габдуллин қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1992 жылғы 23 маусымда ҚР Жоғарғы КеңесіҚазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралыЗаң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. Еліміздегі құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі мен міндетін айқындайтын атаулы күн 2007 жылдан бері аталып келеді. Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес.

Атырау облысы бойынша Қылмыстықатқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Габдуллин ұзақ жылдар жауапкершілігі мол, қылмыстықатқару жүйесі саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді құттықтады.

Олар осы салада қым-қуыт, қауырт қызметті қиынсынбай, уақытпен санаспай, абыроймен адал еңбек еткен. Департамент бастығы Мирас Олжабайұлын, Қуанғали Сахифоллаұлын, Юсуп Әшімұлы, Адилжан Рахимжанұлын, Қази ШакирұлынНасипқали Қойшыұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Арыстанғалиев 23 маусым Қазақстан полициясы мерекесімен құттықтап, жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшінтөс белгімен марапатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру