Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен

Алматы облысында көлікті айдап әкеткен мас ер адам жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлер құқық бұзушыны ұстады.
1 шілдеде Сарқан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне танысының үйіне қонаққа барған 49 жастағы ер адам, сол жерде «Audi» маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті 34 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ол қылмыс жасағанын толық мойындап, 29 маусым күні оған «Audi» маркалы автокөлігімен танысы қонаққа келгенін жеткізген. Олар бірге спирттік ішімдік ішкен. Екінші күні, сағат 00.00 шамасында көлік иесі ұйқыға кеткен кезде, күдікті оның кілтін алып, автокөлікті айдап әкетіп, балық аулауға барған. Жол бойында «Камазбен» бетпе-бет келіп, көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Көлікті сындырған ол қорыққаннан жол-көлік оқиғасы орын алған жерден қашып кеткен. Ол өзінің таныстарының үйінде жасырынған, алайда ішімдік ішкен оны полиция қызметкерлері тауып алды. Полиция қызметкерлері көрсетілген орыннан сынған автокөлікті тауып, оны тексеруден кейін заңды иесіне қайтарды. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Енді ол көлікті ұрлағаны, мас күйінде басқарғаны және ЖКО үшін заң алдында жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру