Қызылордалық полицейлер «Қарасора-2020» шарасының бір айында 41 есірткі қылмысын анықтады
Қызылорда облысы көлемінде «Қарасора-2020″ жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы айында 41 есірткі қылмысы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде есірткі өсірудің 37 дерегі және есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт дерегі анықталды.
– Есірткі өсіргені үшін барлығы 32 адам ұсталса, оның 12-і қамаққа алынды. Оқиға орнынан 15 мың 275 түп сора өсімдігі жойылды, заңсыз айналымнан 21 кг. 378 гр.марихуана және екі дана атыс қаруы тәркіленді, – деп атап өтті Департамент бастығының орынбасары Серік Шалқаров.