Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғындары полицейлерден заң тұрғысынан кеңес алды

Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы мен құзырлы қызметкерлері 17-18 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жолда қабылдау» акциясы бірнеше жыл қатарынан азаматтарға ыңғайлы уақытта және орында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қорғау саласында консультациялық және құқықтық көмек алуға мүмкіндік беріп келеді. Осы акцияның кезекті кезеңін.

– «Жолда қабылдау» халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған: әркім өз құқықтары мен міндеттері туралы білуі тиіс. Акцияны ашықтық және қол жетімділік қағидасы аясында құрамына учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, жол-патрульдік полиция инспекторлары кірген Алматы облысы полициясының қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы, облыстың барлық 20 ауданында  адамдар көп жиналатын 24 орынан аса ауқымды қамти отырып өткізді, – деп атап өтті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Таңатаров.

«Жолдағы қабылдау» акциясының екі күні ішінде тәртіп сақшыларына өздерінің сауалдарымен, тілектерімен 40-тан астам адам жүгінген. Сұрақтардың негізгі бөлігін жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу мәселелері құраған. Олардың арасында Алматы облысы тұрғындарының оң пікірлері мен тілектері де кездесті.

Акция нәтижесі, келесіні көрсетті:

Сауалдардың көп бөлігі жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты, мысалы, белгілі бір қиылыстарда бағдаршам нысандарын, жол белгілерін, таңбаларды орнату жөніндегі тілектер, сондай-ақ консультациялық сипаттағы мәселелер болды.

– Қандай да бір мәселелерді шешуде заң консультациялары мен құқықтық көмек көрсетуден өзге, полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін жазбаша түрде қабылдауды да жүзеге асырды. Яғни, егер азаматтың мәселесі сол жерде шешілмесе, онда өтініш жазбаша нысанда толтырылады. Мысалы, азамат жол учаскесінің белгілі бір бөлігіне жол таңбаларын немесе белгілерін салуды сұрайды. Ол үшін полиция қызметкері талап етілген жерге шығып, азаматтың ұсынысының орындылығына жеке көз жеткізуі тиіс. Заңның талаптарына сәйкес учаскенің орналасуын тіркеп, өлшеу жүргізілгеннен кейін ғана шешім қабылданады, ал ол туралы азаматқа заңда белгіленген мерзімде хабарланатын болады. Өткізілетін іс-шараның басты ерекшелігі барлық өтініштер қаралады, өйткені қабылдау «face to face» («бетпе-бет») принципінде өткізілді,-деп толықтырды Таңатаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру