Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 76 жастағы ауыл тұрғынынан ақша мен алтын ұрлады деген күдікпен екі әйелді ұстады

Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткердің үйінен ақша мен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен екі әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Покровка селосының 76 жастағы тұрғынынан полицияға өтініш келіп түскен. Зейнеткердің айтуынша, оның үйіне бейтаныс әйел келіп, өзін мемлекеттік қызметшімін деп таныстырып, оны әңгімеге тартқан. Сол уақытта аула сыртындағы есіктен үйге белгісіз біреу кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 580 мың теңгеден асты.

Мамлют ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жеңіс Темірбековтің айтуынша, сол күні мамлюттік полицейлер ұрлық жасаудағы күдіктілерді ұстады. Көршілес Жамбыл ауданының аумағында екі әйел адам отырған: бұрын сотталмаған аудан орталығы Мамлютканың 42 жастағы тұрғыны мен бұрын сотталған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының 48 жастағы тұрғыны болған автокөлік тоқтатылған. Тексеру барысында олардан ұрланған алтын бұйымдары мен ақша табылып, алынды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізілуде. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселе шешілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру