5 шілдеден бері 100-ге жуық карантин бұзу фактісі тіркелген
Карантин шектеуі енгізілгеннен бері Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары рейд және профилактикалық шара барысында 99 құқықбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл статистика Маңғыстау облысының мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин режимінің сақталуын тексеру кезінде мәлім болды.
Атап айтқанда, алты кафе, екі қоғамдық тамақтану орындары, бір жиһаз цехы, бір монша карантин тәртібіне қарамастан өрескел бұзғандығы анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 27 әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құқық бұзған азаматтарға барлығы 5 635 230 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Каспий теңізінде балалар мен ересектердің суға шомылуын қадағалау үшін күнделікті рейдтік шаралар жүргізіліп отыр. Суға шомылғандарға учаскелік полиция инспекторлары коронавирус инфекциясы кезінде тыйым салынған жерлерде суға түсу қаупі туралы түсіндірді.
Осындай шара облысымыздың барлық қала мен аудандарында өткізілуде. Тәртіп сақшылары денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, бүкіл әлемде таралған коронавирус инфекциясы пандемиясы кезеңінде карантин шараларын сақтаудың, өзін-өзі оқшаулаудың және әлеуметтік қашықтықтың маңыздылығы туралы тұрғындарға профилактикалық сұхбат жүргізіліп, кеңестер берілді.