Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңіл ақша таппақ болған адам енді жауапқа тартылады

Талдықорғанда полицейлер қолды болған «Ауди» автокөлігі мен велосипедті заңды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – бір адамның ісі. Ол алдымен ескі «Ауди » маркалы автокөлігін, содан кейін велосипедті қолды қылған. 18 жастағы көлік ұрысы «Ауди» көлігін бөтен үйдің ауласынан айдап әкеткен.

Оңтайлы уақыт туғанға дейін ол машинаны адам жүрмейтін жерде жасырған.

– Бөтеннің көлік құралын заңсыз иелену туралы алғашқы хабар 20 шілдеге қараған түні келіп түсті. С. есімді ер адам Талдықорған қаласының бір үйінің ауласынан «Ауди-100» маркалы автокөлігінің жасырын түрде ұрланғанын хабарлаған. Хабар бірден тіркеліп, жедел-іздестіру әрекеттері басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті пайдакүнемдік мақсатта тұраққа қойылған көліктің жанын «айналшықтап жүрген», дегенмен ұсталған адам көшеден машинаның кілтін тауып алып, аулаға кіргенін және оны өз ісінде пайдаланғанын жеткізген. Оның айтқан барлық мәлімдемесі мұқият тексеріледі. Қалай болса да, жеңіл ақша таппақ болған азамат енді жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады Талдықорған ПБ Батыс қалалық полиция бөлімінің бастығы Айдын Аденбаев.

Жедел уәкілдер күдіктінің автокөлікті жасырған жеріне алып келген маршрут сызбасын жасаған. Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижелері негізінде азамат келесі күні ұсталды.

Күдікті 2002 жылғы Алматы облысы Ескелді ауданының С. есімді тұрғынының көлік құралын басқаруға құқығы болмаған, яғни жүргізу дағдысы жоқ.

– Айдап әкетілген автокөлік айналасындағы қызу басылды деп ойлаған, ол велосипед ұрлығына барған. Дәлірек айтқанда, жас жігіт иесі азық-түлік дүкенінде қалдырған велосипедті ұрлап әкеткен. Бұдан әрі оған бөтеннің мүлкін қолды қылуға жағдай мүмкіндік бермеді – себебі ол ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды, – деп толықтырды Айдын Аденбаев.

Қолды болған велосипед пен автокөлік заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктінің еш жерде оқымайтындығы және жұмыс істемейтіндігі анықталды. Ол бұрын істі болмағанын жеткізген.Полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты осы және өзге де мәліметтерді Талдықорған қаласының Батыс қалалық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 200-бабының 1 және 188-бабының 1-бөлігімен басталған сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру