Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сатушыны алдап соққан алаяқ дүкеннен 30 қорап темекі ұрлаған

Қарағанды облысында сатушыны алдап, дүкеннен 30 қорап темекі ұрлаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілдеде Теміртау ПБ Ескі қала полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, оған тиесілі дүкеннен бетін бетпердемен бүркемелеген белгісіз бір ер адам, сатып алу сылтауымен 30 қорап (пачка) темекіні иемденген. 17 000 теңге шығынын құрады.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні анықтады және ұстады.

ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру