СҚО-да төрт күн ішінде 64 бұзушылық анықталды
СҚО полицейлері 24 шілдеден шектеу шараларын сақтау бойынша рейдтерді күшейтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстікқазақстандық полицейлер және тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау бөліністерінің мамандары адамдар көп шоғырланатын жерлерге профилактикалық рейдтерді күшейтті.
Қоғамдық көлік, базарлар, дүкендер – рейдтік топтар барлық қоғамдық орындарға кенеттен тексерістер жүргізуде. Мамандар бағыттық автобустар және сауда орындарында жүргізушілер мен сатушылардың өздері бетперделерді дұрыс тағудың үлгісін көрсетуі тиіс екендігін еске салады: міндетті түрде қолғап кию, санитайзерлерді көрінетін жерлерге қою. Соңғы төрт күнде облыс орталығында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласында заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Дегенмен қалалықтардың басым бөлігі гигиеналық нормаларды сақтау бойынша биліктің қойған талаптарына түсіністікпен қарайды.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбахтың айтуынша, карантиндік шараларды бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» 425-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Баптың санкциясы жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Бастысы айыппұл салу емес, санитарлық қызмет мамандары мен тәртіп сақшыларының басты міндеті: санитарлық нормалар мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтаған жағдайда, қауіпті індетті жұқтыру тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретінін адамдарға түсіндіру.
Өткен демалыс күндері облыс полицейлері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзудың 64 фактісін анықтады. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы 24 шілдеден бастап шектеу шараларын сақтау бойынша рейд жандандырылатынын атап кетті.