Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған 6 жасар баланы полицейлер отбасына қайтарды

Петропавлда полицейлер жоғалған алты жасар баланы туыстарына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының тұрғыны “102” арнасына қоңырау шалып, алты жасар жиенінің жоғалғанын айтқан. Балақай әжесі мен тәтесінің үйінде қонақта болған. Ол Жуков көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласында достарымен ойнап жүрген, балалар бір сәтте көзден таса болды. Тәтесі алғашында өзі іздеп, кейін полицейлерге хабарласқан. Көп ұзамай оқиға орнына криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп жетті, патрульдер бағдарланды. Жақын аймақтарды шолып, біртіндеп іздеу аймағын ұлғайтты. Құрамында полиция аға лейтенанты Бекжан Сәрсенбеков пен полиция лейтенанты Әділ Қалин бар Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының экипажы «City Mall» сауда үйі ауданындағы аулалардың бірінен ойнап отырған балалардың арасынан іздеудегінің сипаттамасына келетін балақайды байқайды. Бала аман. Ол әжесі мен тәтесіне әлдеқашан қайтқысы келгенін, бірақ қайтар жолды ұмытып қалғанын айтты.

Қатты алаңдаған туыстары «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Полиция департаменті парақшасында тәртіп сақшыларына алғыстарын жеткізді: – ..Барлық полицейлерге, әсіресе баланы іздеуге көмек көрсеткен полиция лейтенанты Әділ Серікұлы Қалинге зор алғысымызды білдіргіміз келеді! Адамдарға қажетті көмек көрсетудегі атқарған істеріңіз бен қамқорлықтарыңызға ризашылығымыз шексіз! Әрдайым адамдарға көмек қолын соза беріңіздер!

Патруль экипаждары ауысымға түскен кезде полиция күштерінің араласуын қажет ететін кез келген жағдайға ден қоюға дайын.

– Алдағы уақыттарда, құқық бұзушылықтың жолын кесу, әлде күдіктіні ұстау, немесе із-түссіз жоғалғандарды іздеу қажет бола ма, не күтіп тұрғанын білмейсің, – деп ой бөлісті Әділ Қалин. — Бұл біздің міндетіміз, иығымызға артылған жауапкершілікті сезіне отыра, осы қызметті атқаруға дайынбыз. Адамдардың білдірген алғысы біз үшін аса маңызды, бойымызға қуаныш сыйлап, жігер береді.

Балалар жоғалған жағдайда полицейлер шұғыл «102» арнасына хабарласуға кеңес береді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін балалармен әңгімелесіп, үлкендерді ескертпестен ауладан кетуге болмайтынын түсіндіру керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру