Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібас ауданының тұрғындары суға түсу тәртібін сақтауға құлықсыз

Түркістан облысының полицейлері карантиндік режимді сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарын тұрақты жүргізуді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрылған мобильдік топтар азаматтар мен сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базар иелерінің, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде, көшелерде өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуына тексеру жүргізуде.

Одан бөлек, қазір жаз – суға шомылу маусымы болғандықтан, Түлкібас аудандық полицейлері мен Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде белгіленбеген орындарда суға түсуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстары аясында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы «Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу» бойынша 13 жайт тіркеліп, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде облыс тұрғындарына аталған індеттің таралу қаупіне байланысты карантин ережелерін бұзбауға шақырамыз. Кез келген, су арықтарына, өзен-көлдерге, яғни белгіленбеген орындарға суға түспеңіздер. Балаларыңызға сақтық шараларын айтып, түсіндіріп отырыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру