Жол ережесін өрескел бұзғанын желіге салған 18 жастағы жүргізуші Талдықорғанда жауапқа тартылды
Алматы облысында өзінің өрескел жол ережесін бұзғанын желіге салған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол жазасыз қалған жоқ. Жүргізуші – Алматы қаласының 18 жастағы тұрғынына қатысты бірден бес әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшыларының назары «Toyota Camry-70» маркалы автокөлік жүргізушісінің Талдықорған қаласының жолдарында көрсеткен мінез-құлқына бірден ауды. Полицияның мәлімдеуінше, Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерді белсенді түрде қадағалайды және анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бірден шаралар қолданады.
Полицейлерді таң қалдырғаны, жол қозғалыс ережесін өрескел бұзудан көрінген заңға қайшы іс-әрекеттерді автокөлік иесі әдейілеп істеген.
Сонымен қатар, жігіт өзінің жолдағы барлық іс-әрекеттерін «Instagram» беттерінде және мессенджер топтарында жариялаған. Бақытымызға орай, жігіттің жауапсыз мінез-құлқы тұрғындарға зиянын тигізген жоқ.
Бейнекадрларда автоәуесқойдың бірнеше рет авариялық жағдай тудырып, жол белгілері сызықтарынан шығып, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны, бұрылыс сигналдарын қоспағандығы, жол бойындағы көлікті басып озып, бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқандығы байқалады.
Ақ «Toyota» маркалы автокөлігінің жүргізушісі анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі, 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық бұзушының жүргізуші куәлігі алынып, автокөлік айыптұрағына қойылды. Жігіттің келешекте автокөлікті басқара алатындындығы немесе алмайтындығы сот шешімінен кейін белгілі болады.