Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам өзгенің көлігін қоқыс жәшігіне соққан

Маңғыстау облысында көлік жуу орталығына көлігін жудыруға тастап кеткен тұрғынның «Toyota Camry» маркалы көлігін рұқсатсыз жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасаған факті орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қатты жылдамдықпен рөлге ие бола алмаған ер адам жол бойындағы қоқыс жәшігіне соғып, көлік иесіне материалдық шығын келтірген. Онымен қоса оқиға орнынан қашып кеткен.

Құқықбұзушы бірден анықталып, ҚР ӘҚБтК- 610-бабының, 3-бөліміне сай 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 166 680 теңге айыппұл салынып, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа қамалды.

Маңғыстау облысы Прлиция департаменті облыс тұрғындарын көліктерін қараусыз қалдырмауды, құжатсыз басқармауды және жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру