Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Имам сотталғандармен онлайн-сұхбат өткізді

Шығыс Қазақстан облысында сотталғандарға мешіттің имамы онлайн-сұхбат өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінде тәрбие бөлімінің теологиялық оңалту қызметкерлері мен жедел бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арнап, Өскемен қаласының Халифа Алтай мешітінің Наиб имамы Арман Домантаевтың «Skype» интернеттік желісі арқылы онлайн сұхбат өткізді.

Сұхбаттың негізгі мақсаты – деструктивті діни ағымдардың алдын алуы болып табылады.

– Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Алдымен «деструктив» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни «бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік» деген мағыналарды білдіреді.
Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты  – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы, – деп айтып өтті сұхбатта мешіттің наиб имамы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру