Тергеу изоляторында онлайн оқытулар мен кездесулер жүргізілуде
Қостанай облысының тергеу изоляторында карантин уақытында онлайн оқытулар мен кездесулер жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні республикадағы карантиндік шаралар мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қашықтықтан байланыс құралдарына (бейнетүсірілім, онлайн оқыту және т.б.) ауыса отырып, белгілі бір шектеулер (мекемелерге кіру) енгізілді.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті УК-161/1 мекемесі РММ-нің САӘПТЖБ теологиялық оңалту тобының инспекторлары енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты, теологиялық оңалту аясында жүргізілетін жеке және топтық кездесулер уақытша тоқтатылғандықтан, деструктивті теріс діни ағымды ұстанатын сотталған азаматтарды радикалдық идеологиядан ауықтыру және дәстүрлі нақыштағы діни көз-қарасқа ауыстыру мақсатында «Қостанай облысы әкімдігіне қарасты Дін істер басқармасы» және «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп, қашықтықтағы онлайн оқытулар мен кездесулері жүргізілу үстінде.