Түркістан облысының полицейлері «Anti-fraud» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде
18-20 тамыз күндері аралығында Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері облыс көлемінде «Anti-fraud» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның негізгі мақсаты – ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы тұру және жолын кесу. Осылайша полицейлер «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде банк шотынан ақша ұрлаған қылмысты ашып, заңсыз айналымнан контрафактілі өнімі бар 100-ге жуық дискіні тәркіледі.
Мысалы, Шардара ауданында полиция қызметкерлері онлайн-банкинг арқылы ақша ұрлығын ашты. Аудандық полиция бөліміне қарт зейнеткер арызданып, оның есепшотынан белгісіз тұлға 80 мың теңгесін алғанын хабарлаған. Жедел уәкілдер бір тәулік бойы іздестіру іс-шарасын жүргізіп, «ізін суытпай» күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.
Анықталғандай, қыз жәбірленушінің жеке деректерін заңсыз иемденіп, онлайн-банкинг арқылы ақшаны өз шотына аударған. Ол алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.
Сондай-ақ, «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер авторлық және сабақтас құқықтарды бұза отырып, контрафактіні заңсыз жүзеге асырудың бірнеше дерегін тіркеді. Сонымен, Сайрам АПБ-нің полиция қызметкерлері рейдтің бірінші күнінде сауда үйлерінің бірінің жанында контрафактілі DVD-дискілерді заңсыз сату фактісін анықтады. Сатушыдан тәртіп сақшылары контрафактілі өнімі бар 50-ден астам дискі тәркілеп алды.
Сол күні Келес ауданында полиция қызметкерлері авторлық және сабақтас құқықтарды бұзудың басқа жайтының жолын кесті. Сауда орталығында жергілікті тұрғын контрафактілік өнімдерді заңсыз сатумен айналысқан. Одан контрафактілі 40-тан астам дискі тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қолхатта.