Атырауда маңызды көшенің бірі 6 жолаққа дейін кеңейтілді
Атырауда маңызды көшенің бірі алты жолаққа дейін кеңейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Полиция департаментімен облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын- алу, жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдарға берілген ұсыныстар облыс, қала әкімдіктерімен қолдау табуда.
Атырау қаласының Еркінов – Амандосов көше қиылысынан бастап, Амандосов – Берғалиев көшелері қиылысына дейін көлік жолдары жөнделуде, яғни аталған учаскеде жолдарды жөндеу, кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Атырау қаласындағы Бейбарыс, Маденов, Ғабдиев көшелерін де кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
– Полиция департаментімен қойылатын басты талап – жолдардың енінің төрт , алты жолақты болуы және ені 15 метрден кем болмауы керек Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша, жолдардың жобалау құжаттарында, оң жақты қозғалыс болуы, яғни бағдаршамның тыйым салынған қызыл жарығына автокөліктердің тоқтамай, бұрылып кетуіне басты назар аударылады. Қазіргі уақытта қаладағы Берғалиев – Амандосов көшелерінің қиылысында орналасқан жолдар күрделі жөндеуден өтіп, пайдаланылуға берілуде. Осыған дейін, бұл жерде көлік кептелісінен қиындықтар туындайтын, өйткені бұл жер – облыс орталығындағы үлкен жол айрығының бірі саналды.
Жоба шеңберінде автокөлік жолы алты жолаққа дейін кеңейтіліп, бағдаршамға бағынбайтын оң жақты бұрылыс пайда болды. Бағдаршамның қызыл жарығынан оң жаққа көліктер тоқтаусыз өтетін болды. Осы қондырғылардың бірден-бір көмегі бұл жерде жол кептелісі айтарлықтай азаяды, – деді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Облыс полицейлерінің ұсынысы негізінде, қалада барлығы 177 жол белгісі, 179 көше шамы орнатылатын болады.