Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері көлікті мініп кеткен және қарақшылық жасаған күдіктілерді ұстады

СҚО-да Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті мініп кеткен және ауыл дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді екі мас ауыл тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамыз күні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Мамлютка-Қостанай» жол учаскесіне қызмет көрсету кезінде Новорыбинка және Миролюбово ауылдарының арасындағы 83 шақырымда кюветте «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін анықтады. Көліктің қасында 65 жаcтағы иесі болған. Ол Пресновка аудан орталығынан шығар жолда көлігіне отырғызып алған екі жолаушы оған шабуыл жасағанын айтты. Қаскөйлер ауыл тұрғынына қоқан-лоқы көрсетіп, көліктің кілті мен телефонын алып қойған, бірақ көлік иесін көлікте қалдырған екен. Шабуыл жасағандардың бірі рөлге отырып, көлікті басқара алмай жолдан шығып кеткен. Көлік иесін машинаның қасында қалдырып, өздері өтіп бара жатқан көлікпен кетіп қалған. Бұл ретте полиция бөлімінің кезекші бөліміне Кладбинка ауылындағы дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түседі. Екі белгісіз қылмыскер күш қолданып, 47 жастағы сатушыға шабуыл жасаған. Кассадан 44 400 теңгені алып, ізін суытқан.

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша қылмыскерлерді іздеуге бағдарланды. Бекеттер қойылып, ауыл бақылауға алынды. Іздестіру барысында қылмыскерлер ауыл шетінен табылды, олар ол жерде спирттік ішімдікті ішкен. Аталған фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 2-бөлігі (Автомобильді құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) және 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша енгізілді. Бұрын түрлі қылмыс жасағаны үшін сотталған 1985 жылы және 1992 жылы туған күдіктілер күзетпен қамауда ұсталынуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру