Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есептегі азаматтармен тренинг өтті

Қызылорда облысында есептегі азаматтармен тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалағаш ауданында “Pro-bono” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Жалағаш аудандық пробация қызметі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және пробация есебіндегі азаматтар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жиынға қатысушыларға “Pro-bono” қоғамдық қорының өкілдері психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек түрлері бойынша кеңес беріп, есептегі азаматтар үшін тегін компьютерлік сауаттылық, компьютер жөндеу, ағаш ұстасы оқу курстары жөнінде мағұлмат берді.

Шара барысында дөңгелек үстелген қатысқан 16 азаматпен тренинг өткізіліп, пікірталас жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру