Жол-қозғалыс ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Ақтөбелік полицейлер жол-қозғалыс ережесін бұзудың екі мыңнан астам фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысында «Лишенник» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бес күні ішінде полицейлер 2195 жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аймақта 19 – 23 тамыз аралығында өтті. Шара мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, масаң және есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізушілерді анықтау.
Атап айтқанда, полиция қызметкерлері бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған төрт мас жүргізушіні, көлікті мас күйде басқарған 38 жүргізушіні және жүргізуші куәлігінсіз автокөлікті басқарған 74 жүргізушіні анықтады. Полиция қызметкерлері белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырудың 400, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 63 фактінің және т.б. жолын кесті.
Мысалы, 21 тамыз сағат 21:25 шамасында Әбілқайыр хан даңғылында қызмет атқару кезінде полиция қызметкерлері ресейлік есептегі «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатты. Анықталғандай, 28 жастағы қала тұрғыны бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, көлікті басқарған. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тағы бір факт анықталды. 23 тамыз күні сағат 19:50-де патрульдік полиция жасағы Пожарский мен Қазанғап көшелерінің қиылысына 27 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Лада-Приора» автокөлігін тоқтатты. Анықталғандай, ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола отыра, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған.
Екі факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізушілер Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтардың көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде жүргізбеуін сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.