Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзушыны жауапқа тартты
Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзушыны жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде Түркістан қаласында «Toyota» және «Skoda» автокөліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы бейне таралған болатын. Тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтауға Түркістан облысы ПД мен Түркістан ҚПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары бірден «Toyota» жүргізушісінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Шымкент қаласында тіркелген екінші «Skoda» автокөлігінің жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іздестіруді жалғастыруда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік құралын құжатсыз және мас күйінде басқармауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.