Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

30 жастағы қызылордалық велосипед ұрлығына күдікті ретінде ұсталды

Қызылордада облыс тұрғыны ауладан велосипед ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қиналғанға медеу, жабыққанға демеу, әлсіздерге қорған болған сақшылардың еңбегі еленіп жатыр. Полиция қызметкерлерінің қырағы қызметіне көңілдері толған өңір тұрғындары олардың тиянақты жұмыстарына алғыстарын айтуда.

Мәселен, Махамбет ауылының тұрғыны Нұрлан Оспанқұлов жедел әрекет еткен Қызылорда облысы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы Тұрсын Құрманғазыұлына және Ғабит Балхожаев шын ниетпен алғысын білдірді. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғынның ауласынан таңертеңгі уақытта ұрланған қос дөңгелекті көлігін тауып берген.

Оқиға желісі төмендегідей өрбіген. 24 тамыз күні ауыл тұрғыны Нұрлан Оспанқұлов Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне ауласынан “PHOENIX” маркалы велосипедін және балық аулау құралдарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған.

Хабарлама түскен сәттен жедел әрекеттерге кіріскен полицейлер “ізін суытпай” 30 жастағы жұмыссыз облыс тұрғынын ұстады. Күдікті азаматтан айғақ зат ретінде ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Тексеру барысында күдікті азаматтың екі тонау және ұялы телефон ұрлықтарына қатысы бар екендігі анықталды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) және 191-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша (Тонау, бірнеше рет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру