Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері «Стоп кража» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді

Атырау облысының аумағында 21-23 тамыз аралығында  «Стоп Кража «жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел шараның мақсаты – облыста криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қылмыстың алдын алу және жолын кесу, ұрлық қылмыстарының, оның ішінде пәтер, мал ұрлықтарының алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау. Жедел алдын- алу іс-шарасына 10-нан астам мобильді топтар құрылып, барлығы 200-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Мобильді топ ұрланған мүліктердің сатылуы мүмкін деген орындар (базарлар, басқа да сауда орындары), сондай-ақ , адамдар көп жиналатын жерлерде іздеу-анықтау шараларын жүргізді.

Жергілікті, әкімшілік және криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп, ұрланған көлік құралдарын анықтау мақсатында, автокөлік шеберханаларын, сату пункттерін және авто бөлшектерін жеткізу қоймаларында болып, алдын-алу жұмыстары жүргізілді.

«Стоп кража» жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 10 қылмыс ашылды, оның ішінде тоғызы бұрын жасалған: ұрлық, тонау және алаяқтық. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен екі адамның орналасқан жері анықталды. Олардың бірі – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны 7 тамыз күні ата-анасымен сөз табыса алмай, үйден кетіп қалған. Жедел шара кезінде бұл азаматша Атырау қаласы аумағында жүргені анықталып, туыстарына хабарланды.

Жалпы, ұрлық қылмыстары бойынша алдын алу жұмыстары Атырау облысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру