Ақтөбе облысының полицейлері балалар лагерінде қайырымдылық шарасын өткізді
Алға ауданы полицейлері жетім балалар мен ерекше балаларға арналған «Күншуақ» балалар сауықтыру лагерінде қайырымдылық іс-шарасын және футболдан достық матчын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 тамызда Алға аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы Алға аудандық «Күншуақ» балалар сауықтыру лагеріне барды. Тәртіп сақшылары балаларға тәттілер және балмұздақтар мен мерекелік үстел ұйымдастырды, содан кейін балалармен футбол, баскетбол бойынша ойын өткізді.
Лагерь директоры Кенжеғазы Байғазин балаларға көрсеткен қолдауы мен ықыласы үшін, сыйлаған қуанышты сезімдері үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Балалар полицейлерді жиі келіп тұруын сұрады және спорттық іс-шаралар өткізуді өтінді.
Алға аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Сапарғалиев балалар лагеріне жиі келуге уәде берді.
– Біз «Күншуақ» балалар лагеріне жиі келуге тырысамыз. Біз футбол мен баскетболдан достық матчын өткіздік, балалар мен қызметкерлерге ұнады. Балалар біздің келесі келгенімізде спорттық іс – шараларға мұқият дайындалуға уәде берді, – дейді М.Сапарғалиев.